"ҰЛЫМА АЙТАРЫМ..." 1) Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал. 2) Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс. 3) Таспен атқанды аспен ат, сонда жеңесің. 4) Ешкімді ренжітпе! Жүйесіз қарғыс иесін табады. 5) Ешқашан мақтанба! Жұрт өзі мақтасын. 6) Өзіңді сыйла, өзгелер де сені сыйласын. 7) Құмар ойын - əлсіздердің əлегі. Ал мықтының рухы биік, денесі шымыр болады. 8) Үйретері мол мықтыларды ұстаз ет. 9) Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр. 10) Жүйкең әлі талай қажет болады. Сондықтан болмашыға тоздырма. Шешуші сәттерге бапта. 11) Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда. Тәуекел түбі - жел қайық, жүзесің де өтесің. Уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің. 12) Сырыңды ешкімге айтпа. Екі елі аузыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына сыяды деп ойлайсың ба? 13) Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр! 14) Пенденің пендеден айырмашылығы - адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы! Мамандығыңның мықтысы бол. 15) Ұрпақ тәрбиесі - елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озат болсын. Қызың саған қарап серігін тауып бақытты болсын. 16) Кім қанша төмен түссе де, сен өз биігіңде қал! ___________________ #асыларна #asylarna #бала #балатәрбиесі #ұл #бала_ынжық_болмау_үшін

Теги других блогов: асыларна asylarna бала балатәрбиесі ұл